Өңір әкімдігі: Байзақтағы жарылыстан зақым келген барлық үй жөнделді

977

Байзақ ауданында зардап шеккен 35 үй толығымен қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір әкімдігі: Байзақтағы жарылыстан зақым келген барлық үй жөнделді

Үшбұлақ ауылындағы 4, Жібек Жолы ауылындағы 12 және Қайнар ауылындағы 19 отбасының барлығы үйлеріне кірді.

Қайта жаңғыртудан өткен үйдің барлығы бір сәулеттік үлгіге келтірілген. Қас беті сарғыш, іргетасы қызыл түспен боялып, шатыры қызыл жабынмен жабылған.

Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың айтуынша облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барынша әлеуметтік қолдауларды ұйымдастырылған. Ол ауылдағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларды газбен қамту жұмыстары қолға алынғандығын, тұрғындар толығымен орталықтандырылған таза ауыз суған қосылғандығын жеткізді. Әлеуметтік көмек ретінде зардап шеккен әр отбасыға 300 мың, кәсіпкерлер тарапынан 200 мың теңгеден көмек көрсетілген. Сонымен қатар "Сенім Байзақ" қорына түскен қаржы есебінен тұрғындардың қора-жайлар да қайта қалпына келтірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу