Басылым америкалық Apple Inc. әр түрлі елдерде бөлшек сауда дүкендері мен компанияның басқа да нысандарын салуға, күтіп-ұстауға жауапты қызметкерлердің аз ғана бөлігін қысқартатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz интерфакс порталына сілтеме жасап.
2022 жылдың шілде айында Apple экономиканың ықтимал құлдырауына дайындалып, кадрларды қабылдау қарқынын төмендетуді және кейбір бөлімшелерде шығындардың өсімін жоспарлап отырғаны белгілі болды. Содан бері компанияда жұмыскерлер санын қысқарту туралы хабарланбады.
Apple үшін штаттағы өзгерістер қысқарту емес, оңтайландыру. Технологиялық алпауыт басшылық лауазымдарды атқаратын бірқатар қызметкерлерді жұмыстан босатуда.
Apple коронавирустық пандемия қарсаңында 200-ге жуық жұмысшыны қысқартты. Былтырғы қыркүйек айында компанияда 164 мың адам жұмыс істеді.
Дүйсенбідегі постмаркетте Apple капитализациясы өзгере қоймады.