БАҚ арасында байқау жарияланды

2135

БАҚ арасында байқау жарияланды

Алматы қалалық дін істері басқармасының әлеуметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты журналистер арасында үздік шығармаларға байқау жариялайды. Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті қолдау танытып отыр.

Байқау 2017 жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында ұйымдастырылады. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан – ҚР рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өтеді. Жүлде қоры қоры – 1 000 000 теңге.

Бұл жарысқа Алматы қаласында тіркелген БАҚ-тағы кез келген журналист қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау екі тілде өтеді. Журналистер 2017 жылғы 1 маусымнан бастап 1 қазан аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс.

Басты қойылатын талап – Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, діни экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету.

Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайды.

Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне (Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71-үй, ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, №218 бөлме, байланыс телефоны: 87775654078.

Журналист туралы ақпарат, автор туралы мағлұмат (туған жері, күні, айы, жылы, телефон) жұмыс істейтін БАҚ анықтамасы құжаттары қоса жіберілуі тиіс. 

Туындаған сұрақтарды жоғарыда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласу арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу