БАҚ: Дариға Назарбаева СOVID-19-дан кейінгі оңалту курсында

1336

Елбасының үлкен қызы, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева денсаулық жағдайына байланысты әлі де палата отырысына барған жоқ. Бұл туралы оның көмекшісі Жанна Ермекова zakon.kz порталына айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БАҚ: Дариға Назарбаева СOVID-19-дан кейінгі оңалту курсында

"Қазір ол (Назарбаева) Нұр-Сұлтан қаласында, коронавирус инфекциясынан кейін оңалту курсында", – деді Ермекова.

12 қаңтарда Мәжілісте депутат Назарбаева науқастануына байланысты отырыстарға қатыспайтынын, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты демалыста екенін хабарлаған.

Депутат Назарбаева Қазақстандағы қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар кезінде де, одан кейін де көпшілікке көрінбеді.

Өткен аптада Nur Otan партиясының төрағалығын Нұрсұлтан Назарбаевтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғаннан кейін съезд оны партияның саяси кеңесі мен саяси кеңес бюросының құрамынан шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу