Бұл туралы ресейлік және украиндық БАҚ хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.
Саратов облысындағы Энгельстегі әуе базасы Украинамен шекарадан кемінде 700 шақырым жерде орналасқан.
Украина мен Ресейдегі ресми дереккөздер жарылыстар туралы ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, Рейтер агенттігі де алынған ақпаратты жеке дара растай алмайды.
Украинаның РБК-Украина жаңалықтар агенттігі әуе базасы аймағында екі жарылыс болғаны жайлы хабарлайды.
Жергілікті тұрғындарға сілтеме жасай отырып, ресейлік Baza телеграм-арнасы қалада әуе дабылдары мен жарылыстардың дыбыстары естілгенін жеткізді.
Бұл "Энгельс-2" әуе базасындағы бір айда тіркелген екінші оқиға, 5 желтоқсанда ұшқышсыз ұшақ базаның ұшу-қону жолағына түсіп, екі Ту-95 бомбалаушысына зақым келтірді.