20 мамырға қараған түні Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлады The Atlantic авторы Араш Азизи. Оның мәліметінше, ол тауда тікұшақтың құлауы салдарынан қаза болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Тегерандағы президентке жақын дереккөз маған Раисидің өлімі расталғанын және билік бұл хабарды бейберекетсіз жеткізудің жолын іздеп жатқанын айтты. Мен мұны өзім растай алмадым", - деп жазды журналист өз материалында.
Алайда президент Раисидің қайтыс болғаны туралы ресми мәлімет жоқ.
Иран президенті бар тікұшақтың қатты қонғаны 19 мамырда белгілі болды. Оқиға орнына құтқару топтары жіберілді. Раиси Иранның Әзербайжанмен шекаралас Шығыс Әзербайжан провинциясынан қайтып келе жатқанда Әлиев екеуі Аракс өзеніндегі бөгеттің ашылу салтанатына қатысқан. Президенттің әуе колоннасында барлығы үш тікұшақ ұшты. Олардың екеуі - шенеуніктермен және министрлермен бірге діттеген жеріне аман-есен жетті.
Еуропалық Одақ өзінің Copernicus EMS спутниктік жүйесін Иран президентінің тікұшағын іздеуге көмектесетінін мәлімдеді. Бұл туралы дағдарысты басқару жөніндегі Еуропалық комиссары мәлімдеді. Ол бұл "Иранды қолдау сұрауы бойынша" жасалатынын атап өтті.
Ибрагим Раисидің Instagram желісінде президент үшін дұға ету туралы үндеу жарияланды
Кейін Reuters агенттігі тікұшақтың толығымен жанып кеткенін хабарлады.
63 жастағы Иран президенті Ибрахим Раиси ультра консервативті саясаткер және дін қызметкері болып саналған, деп жазады BBC.
Ол небәрі 25 жасында Тегеран прокурорының орынбасары болды.
Одан кейін астана прокуроры қызметін атқарды, кейін Иранның Бас бақылау ұйымының басшысы және сот билігі басшысының бірінші орынбасары болды.
- 2014 жылы ол Иранның бас прокуроры болып тағайындалды.
- 2017 жылы Раиси көпшілік үшін күтпеген жерден президенттік сайлауға түсіп, екінші нәтижеге қол жеткізді.
- 2019 жылы аятолла Хаменеи оны сот билігінің басшысы лауазымына тағайындады.
- Раиси 2021 жылғы Ирандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті.