БАҚ қызметін үйлестіретін заң жобасы парламент мәжілісінің талқылануына ұсынылды

926

БАҚ қызметін үйлестіретін заң жобасы парламент мәжілісінің талқылануына ұсынылды

БАҚ қызметін үйлестіретін заң жобасы парламент мәжілісінің талқылануына ұсынылды. Бұл мәселе бойынша аталмыш мамандықтың өкілдері пікірталас жүргізіп жатыр. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Ашық диалог" тележобасы барысында БАҚ өкілдеріне заң жобасының мамандыққа қандай өзгерістер енгізетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Ақпарат және коммуникация министрлігі хабарлағандай, заң жобасы өз күшіне енген соң журналистер жеке мәліметтер туралы ақпаратты жариялауға рұқсат алуы керек.

"Рұқсат алу – бұл үйреншікті жағдай. Хаттама түрінде рұқсат алу міндетті емес. Диктофонға ақпаратты жазып алуға болады.  Жеке мәліметтер әлем бойынша қорғалған.  Бұл мәселе көптеген елдердің конституциясында да бекітілген.  Бұл үйреншікті тәжірибе", - деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, ресми хабарлама, ақпараттың шынайылығын тексеру, меморганның ресми  өкілі деген түсініктер енгізіледі. Балалардың зорлық-зомбылыққа қатысты  суреттерін жариялауға рұқсат жоқ.

"Ақпаратты тексеру үшін бірқатар қадамды  жүзеге асырғанымыз жөн. Мәселен, қазір әлеуметтік желіден көптеген ақпарат рұқсатсыз жариялана береді.  Ол ақпаратты алмас бұрын қоңырау шалып, рұқсат сұраған жөн деп ойлаймыз", - деді министр.

Сондай-ақ, министр заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді. Ол "бұқаралық ақпарат құралдары туралы" деп те аталмауы мүмкін.  Министрдің айтуынша,  бұл  қоғамның қатысуынсыз  біржақты ғана қарастыратын  ескірген түсінік. Бұқаралық коммуникациялар туралы заң бойынша ойлану керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу