БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады

678

ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін "Ashyq" жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушысын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады.

БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Соңғы екі аптада COVID-19 аурушаңдығы 60%-ға, өлім деңгейі 80%-ға төмендеді. Инфекциялық төсек орындары жүктемесі деңгейінің 56%-дан 33%-ға дейін, реанимациялық төсектердің 45%-дан 32%-ға дейін төмендегені байқалады.

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты ведомствоаралық комиссия барлық санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, брифингтер мен баспасөз конференцияларын күндізгі режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен өңірлік коммуникациялар орталықтары базасында "ASHYQ" қосымшасында "жасыл" мәртебесі бар БАҚ өкілдері офлайн форматта баспасөз конференцияларына қатыса алады.

Комиссия отырысы барысында ел өңірлеріндегі коронавирустық инфекцияның жағдайы және азаматтарды вакцинациялау деңгейі туралы баяндамалар тыңдалды. Премьер-министрдің орынбасары өңірлерге иммундау қарқынын төмендетпеуді тапсырды.

Сонымен қатар ВАК келушілердің мәртебесін тексермейтін "Ashyq" жүйесінің 12 мың жосықсыз қатысушыларын 2 аптаға жүйеден алып тастау туралы шешім қабылдады.

Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгіледі.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу