БАҚ өкілдері Президенттен салықтан босатуды сұрады

969

Отандық теле-радио компаниялар Президентке хат жолдап, қысылтаяң кезеңде қол ұшын беруді өтінді.  

БАҚ өкілдері Президенттен салықтан босатуды сұрады

Карантин салдарынан Бұқаралық ақпарат құралдарының табысы 80 пайызға қысқарған, деп хабарлайды Atameken Business.

22 медиа-холдинг қол қойған өтініш Үкімет пен бірқатар министрге жөнелтілген. Онда көмек ретінде БАҚ өкілдерін қазан айына дейін салықтан босатуды сұраған.

Хатта кірістің 70 пайызы жұмыскерлердің жалақысына, қалған 30 пайызы міндетті төлемдерге жұмсалатыны көрсетілген. Ал төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулер кәсіпорындардың ісін тоқтатып, бұл өз кезегінде жарнаманың күрт қысқаруына  әкеп соққан. Салдарынан телекомпаниялар негізгі табыс көзінен айырылып, өңірлік арналар қызметкерлер айлығын бере алмайтын жағдайға жеткен.

Осыған сәйкес, жұмыс берушілер міндетті әлеуметтік аударымдарды тоқтатып, жыл соңына дейін "Қазтелерадио" ұлттық операторының қызметтері үшін ақы төлеуден 100 пайыз босатуды сұрауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу