БАҚ салықтан босатылады

1218

Жыл соңына дейін сала жарнамадан түсетін табысының 60%-ын жоғалтады. 

БАҚ салықтан босатылады

Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пандемия кезінде қазақстандық ақпарат құралдарының шығындары туралы айтты. 

"Бүгінде коронавирустың пандемия салдарынан бұқаралық ақпарат құралдары экономикалық қиындықтарға тап болуда. Болжам бойынша биылғы жылы саланың жарнамадан түсетін табысы орта есеппен 30%-дан  60%-ға дейін төмендейді", – деді министр. 

Сонымен қатар министр ақпарат құралдары салық төлеуден босатылатынын жеткізді. Бұл дағдарысқа қарсы шаралар аясында жүзеге асырылмақ. 

"Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Парламент заңнамаға 2020 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны арлығында салық пен еңбекақы қорынан міндетті төлемдерден босату туралы өзгерістер енгізуді қолады. Парламент 2020 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсаны аралығында коммерциялық теле-радио арналарды аналогтық және эфирлік цифрлық қызмет ақысынан босату туралы заң жобасы қабылданды", – деді Аида Балаева. 

Құралай Құдайберген 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу