БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізіледі – Дархан Қыдырәлі

1017

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға енгізілетін өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізіледі – Дархан Қыдырәлі Фото: zakon.kz

Министрдің айтуынша, ғаламтордағы жалған ақпарат ағыны қоғамдық пікірге әсер етеді. Мұндай жағдайларда ақпаратты жинау, талдау және тарату үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан АҚДМ басшысының айтуынша, журналистика мен БАҚ-тың басты миссиясы – ақпаратты саналы түрде жариялау, аудиторияны дәлелденген деректерге сенуге шақыру.

"Министрліктің тікелей міндеті – БАҚ мектептерін ашу, медиа сауаттылық саласында білім беруді қалыптастыру. Бірқатар бірлескен шаралар қабылдануы керек, фактілерді тексеру, ақпаратты талдау, мазмұнның шығу тегін тексеру, тарату алдында мазмұнды "сүзгіден" өткізетін критерийлер жасау сияқты бірнеше кезеңнен тұратын оқыту жүйесін құру қажет. БАҚ туралы заң жобасындағы кейбір жаңалықтар осыған байланысты болады", – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі Astana Мedia Week аясында.

Оның пікірінше, жалған ақпаратпен күресу үшін аудиторияны сенімді дерек іздеуге, медиа сауаттылықты арттыруға, жалған ақпаратты дәлелденген ақпараттан ажыратуға үйрету қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу