БАҚ туралы заңға өзгерту енгізуге журналистердің өздері тартылады

2164

Дәурен Абаев қоғам арасында қызу талқыланып, тілшілер тарапынан қарсылыққа ұшырап жатқан құжатқа қатысты осылай деді.

 БАҚ туралы заңға өзгерту енгізуге журналистердің өздері тартылады

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізіліп жатқан өзгертулерді енді журналистердің өздері дайындауға мүмкіндік алмақ. Бүгін үкімет үйінде ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қоғам арасында қызу талқыланып, тілшілер тарапынан қарсылыққа ұшырап жатқан құжатқа қатысты осылай деді.

Тіпті министр осы мәселесе жөнінде журналистер қауымымен арнайы кездесу өткізіп, ұсыныстарын қабылдауға әзір екендігін айтты. Сондай-ақ, аккредитациялау бабындағы бірқатар талаптармен өзі де келіспейтінін жеткізді.

Айта кетсек, қазір 2013 жылы бекітілен БАҚ туралы заңда журналистерді қандай да бір іс-шараларға қатыстыру ережесін қатаңдату қарастырылған. Оған сәйскен, енді қандай да бір жиынға тілші кіруі үшін жеке жəне қызметтік құжатынан бөлек, сенімхат əкелуі қажет. Əрі жиын, отырыс, яғни іс-шаралар өтетін ғимаратта артық орын болмаса, журналист кіргізілмейді деген бап та бар. Егер журналист жиын модераторы белгілеген регламентті сақтамаса, онда аккредитациялаудан шығарылмақ. Сондай-ақ, мұнда спикерге артық сұрақ қоймау шарасы да қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу