Бакалавриатқа "Болашақ" стипендиясын қайтару қарастырылып жатыр

1199

Бакалавр деңгейін алуға стипендия 2011 жылы тоқтатылған болатын.

Бакалавриатқа "Болашақ" стипендиясын қайтару қарастырылып жатыр

"Болашақ" халықаралық білім стипендиясы арқылы еліміздің азаматтарын бакалавриат деңгейінде шетелдің үздік жоғары оқу орнындарында оқыту қайта басталуы мүмкін. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрібозова Білім және ғылым министрлігінің "Тамыз кеңесі" аясында өткен панельдік сессиясы кезінде мәлім етті.

"Білім туралы" заң және үміткерлерді іріктеу ережелеріне сәйкес, бүгінгі күні "Болашақ" стипендиясы магистратура, докторантура, резидентура деңгейінде білім алуға және тағылымдамадан өтуге беріледі. Бакалавриат бағдарламасы 2011 жылы тоқтатылған болатын. Дегенмен Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша, Білім және ғылым министрлігі қазіргі кезде бакалавриатқа "Болашақ" бағдарламасының стипендиясын шектеулі мөлшердегі дарынды балалар үшін, соның ішінде, халықаралық олимпиадаларының жеңімпаздарына беруді пысықтап жатыр. Бұл өзгеріс заңнамалық актілерге енген кезде, ресми сайтымызда және БАҚ беттерінде баршаға хабарлаймыз. Әзірше бакалавриатты бағдарламаға қайтару талқыланып жатыр, жылдың екінші жартысында шешімі белгілі болады", – деді "Болашақ" бағдарламасының президенті.

Нұржан Көшкін 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу