Бақша өнімдерінен шырын өндіретін кәсіпорын іске қосылды

1330

"Қазығұрт" индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын тәулігіне 8 тонна өнім шығаруға қауқарлы. 

Бақша өнімдерінен шырын өндіретін кәсіпорын іске қосылды

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында орналасқан кәсіпорын екі гектар аумақты алып жатыр, жобаның жалпы құны 589 млн теңгені құрайды. Бұл істі "Көрік ШҚ" ЖШС қолға алып отыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктестік директорының сөзінше, "Делис" сауда белгісімен шығатын алкольсіз сусын химиялық қоспасыз дайындалатындығымен ерекшеленеді.

"Қазығұрт" индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорын тәулігіне 8 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріске пайдаланатын жеміс жидектер аудан аумағынан табылады. Мұнда алма, алмұрт, қызанақ, сәбізден шырынның төрт түрі жасалады. Дайын өнім еліміздің барлық аймағына таратылады.

Мекемеде 21 азамат жұмыспен қамтылған. Шағын зауыт заманауи технологиямен жабдықталған. Іс ілгерілесе, өнім көлемін арттыра түсу жоспарланған.

Айта кетейік, "Қазығұрт" индустриалдық аймағында 13 гектар жерге жалпы құны 2,3 млрд теңгелік 7 жоба жүзеге асырылуда. Онда 173 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Биыл тағы қосымша 3 жоба жүзеге асады деген меже бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу