Түркияның "Бешикташ" футбол клубында ойнайтын қазақстандық Бақтиер Зайнутдниовтың командадағы тағдыры әзірге белгісіз. Жергілікті SuperHaber басылымының жазуынша, клубтың жаңа бапкері оны негізгі құрамға да, қосалқы құрамға да қоспаған, деп хабарлйды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстандық қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов осы маусымда ойнамайды. Жазғы трансфер кезінде командадан кетуден бас тартқан футболшы құрамға енбеді.
Нидерландтық бапкер Джованни ван Бронкхорст 26 жастағы Зайнутдиновты Словениядағы оқу-жаттығу жиындарына да алып барған жоқ, ол Стамбұлда өткен жолдастық кездесулерде де ойнамады.
Ол сондай-ақ, ресми матчтарға да шақырту алмады. Оның клубтағы тағдыры әзірге белгісіз. Зайнутдинов "Бешикташта" легионер болып есептелмейді. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін.
Ресейден келген ұсыныстан бас тартқан Бақтиер Түркияда қалғысы келеді", - деп жазылған аталған мақалада.