Бақтияр Күйкен: Финалда корейліктердің маған жанкүйер болғандығы таңқалдырды

1068

Бақтияр Күйкен: Финалда корейліктердің маған жанкүйер болғандығы таңқалдырды

Оңтүстік Кореяда Әскери теңіз академиясынан білім алып жүрген Қазақстан курсанты Бақтияр Күйкен Кореяның Чинджу қаласында өткен әуесқой боксшылар арасындағы жарыста алтын медальға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әуесқой боксшылар арасындағы республикалық бәсеке  2017 жылдың 14-16 шілдесі күндері Корей халықаралық қатынастар университетінде өткізілді.

"Мен Әскери теңіз академиясы атынан 75 келі салмаққа дейінгі дәрежеде 20 және 30 жас аралығындағы боксшылар арасында өнер көрсеттім. Жарысты WBA-ның кәсіби бокс бойынша 1974 жылғы  әлем чемпионы Су Хуан Хонг ашты. Шамамен 500 адам қатысты", - деді Чинхэ қаласындағы Әскери теңіз академиясының 4-інші курс курсанты  Б.Күйкен.

"Екі айқаста 3:0 есебімен жеңіске жеттім, біреуі техникалық нокаутпен аяқталды, ал енді бірінде қарсыласым жекпе-жекке шығудан бас тартты", - деді ол. Оның айтуынша, Кореяда Қазақстан боксшыларына құрметпен қарайды.

"Мені финалда корейліктердің маған жанкүйер болғандығы таңқалдырды. Ақтық айқас алдында менің рингке шығатын уақытымды біліп кетті. Олар Қазақстаннан шыққан көптеген боксшыларды жақсы таниды. Геннадий Головкиннің анасы кәріс екенін білетіндіктен болар, оны өздеріне жақын санап, әрқашан жанкүйер болып жүреді", - дейді қазақстандық боксшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу