Бақтияр Мәкен: Бұл аурухана қымбат болса да қажет

1203

200 төсектік орталықтың құрылысына 5,5 млрд теңге жұмсалған.

Бақтияр Мәкен: Бұл аурухана қымбат болса да қажет

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорда іргесінде коронавирус науқастарына арнап салынған инфекциялық орталықтың құнына қатысты пікір білдірді.

"Бұл модуль коронавирус инфекциясымен ауырғандарды емдеуге арналған. Жобалық қуаты 200 төсек орынға шақталды. Иә, әділін айтсақ, құны 5,5 млрд теңге шықты. Бірақ менің BI Group компаниясы нысанды 2 аптаның ішінде салып шыққанын айтқым келеді. Мұның да белгілі бір деңгейде оң әсері бар. Осы орталықтың арқасында инфекция жұқтырған науқастар үшін қосымша төсектер пайда болды. Емделушілерді дер кезінде диагностикалау мүмкіндіктері де артып отыр. Орталық техникалық жабдықтармен, соңғы үлгідегі заманауи қондырғыларман түгелдей жабдықталған. Қазірдің өзінде 71 дәрігер жұмыс істеп жүр. Қаланың іресіндегі туберкулез стационарының жанында орналасқан. Науқасты анықтау және емдеп жазу, алдын алу процедуралары халықаралық талаптарға сай. Бүгінгідей қиын жағдайда инфекциялық орталықтың болуы өте қажет еді. Келешекте де оның қажет болатыны даусыз. Өйткені Алматыдағы инфекциялық аурухананың тозығы жеткен. Ол нысан 1986 жылы салынған. Сондықтан ауруханаға қымбатқа түсті десек те, бүгінгідей қысылтаяң жағдайда қажет болды", – деді әкімдік өкілі. 

Есжан Ботақара

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу