Бақтияр Мәкен Nur Media холдингінің басшысы болып тағайындалды

878

"Nur Media" холдингінің бас директоры лауазымына Бақтияр Мәкен тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "AMANAT" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақтияр Мәкен Nur Media холдингінің басшысы болып тағайындалды

Бақтияр Мәкен 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін және "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Монтана университетін бітірген.

Бұған дейін Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, ішкі саясат басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Парламент Мәжілісіне "Nur Otan" партиясынан сайланған VI шақырылым депутаты және Саяси кеңестің мүшесі болды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу