Бақтияр Санбаев Қарағанды облысының бас экологы болып тағайындалды

510

Бақтияр Санбаев Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды.    

Бақтияр Санбаев Қарағанды облысының бас экологы болып тағайындалды Фото: gov.kz

Бұған дейін ол басқарма басшының орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бақтияр Санбаев 1986 жылы Шет ауданы, Ақшатау ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетін және Орталық Қазақстан академиясын бітірген.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды ​​облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру департаментінде түрлі лауазымда қызмет етті.

2013 жылдан бастап Қарағанды ​​облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істейді. Бас маман, кейін бөлім басшысы, 2020 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін басшының орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу