"Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді

109

Бүгінгі таңда жұмысқа 550 бірлік арнайы техника мен 814 маман жұмылдырылған.   

"Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді Фото: rail-news.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов ұзындығы 303 шақырым болатын "Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысын арнайы тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов сапаның барлық талаптарын сақтай отырып, нысанның құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойды.

4 вахталық қалашық (Ай, Шолпан, Үржар, Бақты) салынды. Осы айдың қорытындысы бойынша 34,8 млн м³ (12%) жер жұмыстарының 4,1 млн м³ орындалды. Талғат Алдыбергенов объектідегі өндірістік қуатты одан әрі арттыруды, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Мердігер ұйымның белгіленген мерзімдерді сөзсіз сақтау қажеттілігі көрсетілген.

Бас мердігер China Harbor Engineering Company LTD жұмыстың белгіленген мерзімде толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге дайын екенін растады.

Айта кетейік, "Бақты – Аягөз" жаңа теміржол желісінің құрылысы елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға, Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін бірнеше есе өсіруге, сондай -ақ Бақты – Чугучак (Тачэн) үшінші шекара өткелін ашуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу