"Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысы бақылауда

376

Жоба аясында қазірдің өзінде 600-ден астам техника мен 900-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.  

"Бақты – Аягөз" теміржол желісінің құрылысы бақылауда Фото: Abai aqparat

Жәнібек Тайжанов "Бақты – Аягөз" теміржол желісі құрылысы жобасының іске асырылу барысы бойынша кеңес өткізді. Жиынға Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы мен China Harbour Engineering Company өкілдері қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кеңес барысында құрылыс жұмыстарының қарқыны, техника мен жұмыс күшін жұмылдыру, материалдармен қамтамасыз ету және құрылыс кестесінің орындалуы талқыланды.

Қазіргі уақытта инженерлік-геодезиялық, геологиялық және гидрологиялық іздестіру жұмыстары толық аяқталған. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, жер төсемін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде нысанда 613 бірлік техника мен 958 жұмысшы еңбек етуде. Қазу және үйінді салу жұмыстары қатар атқарылып жатыр.

Вице-министр жобаны белгіленген мерзімде аяқтаудың маңызын атап өтіп, құрылысқа қатысушы тараптар арасындағы үйлестіруді күшейтуді тапсырды.

Жалпы ұзындығы 303 шақырым болатын жаңа теміржол желісі 2025–2027 жылдары салынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу