Баку Армения шекарасындағы төрт ауылды бақылауға алды

249

Әзербайжан шекарашылары 1990 жылдардан бастап Армения бақылауындағы төрт ауылға бақылау орнатты. Ереван мен Баку өз әскерлерін солтүстік шекарадан алып кетті. 

Баку Армения шекарасындағы төрт ауылды бақылауға алды Фото: DW

Әзербайжан Шекара қызметі 1990 жылдардан бастап Армения бақылауында болған төрт ауыл: Баганис-Айрумды, Ашагы-Аскипарды, Хейримли және Қызылғаджылы ауылдарын бақылауға алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы әзербайжандвқ БАҚ Армениямен шекараны делимитациялау жөніндегі комиссияны басқаратын Республика вице-премьері Шахин Мұстафаевтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Өз кезегінде Арменияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі (ҰҚК) армян шекарашылары 24 мамырдан бастап Тавуш облысының үш шекара маңындағы ауылдарының - Беркабер, Воскепард мен Баганистің аумақтарын күзетуге кірісетінін хабарлады. Қорғалатын учаскенің ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайды. 

"2024 жылғы 24 шілдеге дейін ұзындығы 5,8 шақырым болатын Киранц кентінің жанындағы мемлекеттік шекара учаскесін күзету өтпелі схема бойынша жүзеге асырылатын болады", - деп толықтырды ҰҚК.

Осылайша, Армения мен Әзербайжан солтүстік шекарадан өз әскерлерін алып кетіп, учаскелерді бақылауды шекара қызметіне берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу