Бұл туралы сейсенбі, 11 қазанда Әзербайжан Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
"10 қазан күні сағат 23:00-де Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Басаркечар ауданының Гарайман елді мекенінің бағытында орналасқан позициялардан атыс қаруын қолдана отырып, біздің армиямыздың Дашкесан ауданының Астаф елді мекенінің бағытында орналасқан позицияларына оқ жаудырды", - делінген хабарламада.
Аталған бағытта орналасқан Әзербайжан әскерінің бөлімшелері тиісті жауап шараларын қабылдады, деп атап өтті ведомствода.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу