Бұл туралы Әзірбайжан бас әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Борттағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ұшақты қондыруға тура келді.
Boeing 787-9 әуежайға жергілікті уақыт бойынша 07.37-де (Астана уақытымен 11.37) қонды.
Соңғы 12 сағат ішінде бұл Баку әуежайына мәжбүрлі қонған екінші ұшақ. 2 наурыз күні кешке Boeing 787 бортында жолаушының әл-ауқатының нашарлауына байланысты Гейдар Алиев халықаралық әуежайына Бангкок-Амстердам бағыты бойынша рейс жасаған тайваньдық EVA Air әуекомпаниясы қонды.