Баку әуежайында дабыл қағылды: Лондонға ұшып бара жатқан A380 ауада түтіндей бастаған

547

Әуе кемесінің бортында 356 жолаушы болған.   

Баку әуежайында дабыл қағылды: Лондонға ұшып бара жатқан A380 ауада түтіндей бастаған Фото: apa.az

Баку халықаралық әуежайында 23 желтоқсан күні таңертең Qantas Airways авиакомпаниясының әуе кемесінің мәжбүрлі қонуына байланысты дабыл жарияланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Гейдар Әлиев ат. әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сингапур — Лондон бағытымен жүретін ең ірі австралиялық авиакомпанияның Airbus A380 жүк қоймасында түтін шыққандықтан Баку әуежайына апаттық қонуды сұрады. Лайнер жергілікті уақыт бойынша 07.08-де (Астана уақытымен 06.08) қонды, штаттан тыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Әуе кемесінің бортында 356 жолаушы болған.

Жарияланған дабылға байланысты Баку әуежайында барлық авариялық-құтқару қызметтері дайындыққа көшті. Қазіргі уақытта А380 тексеріліп, болған жағдайдың барлық мән-жайлары мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті шаралар кешені жүргізілуде, деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу