Баку Ереванды Әзербайжан территорияларында миналарды қаптатты деп айыптады

613

Әзербайжан Халықаралық Сотқа Армениядан Әзербайжан территорияларында миналарды орнатуды, оларды Қарабаққа тасымалдау үшін Лачинская жолын пайдалануды тоқтатуды талап етуді сұрады.    

Баку Ереванды Әзербайжан территорияларында миналарды қаптатты деп айыптады Фото: aa.com.tr

Бұл туралы бейсенбіде Әзірбайжан Республикасы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Арменияның әзербайжандарға қатысты адам құқықтарын әдейі бұзуына жауап ретінде Әзербайжан тарапы "нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы" халықаралық конвенция шеңберінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында халықаралық сотқа екінші үндеу жіберді", - делінген хабарламада.

Онда Арменияның 2021 жылдан бастап Әзербайжан территорияларында мина, ал үйлерде мина-тұзақтарын орнатуды жалғастырып жатқандығы туралы жаңа дәлелдер бар екені айтылған.

"Бұл миналар не мина-тұзақтар 30 жыл бұрын Арменияның басып алу нәтижесінде әзербайжандар қуылған елді мекендерде немесе олардың жанында орналасқан жерлерге орнатылған, бұл мәжбүрлі түрде қоныс аударған адамдардың отбасыларының үйлеріне оралуына кедергі келтіреді", - делінген хабарламада.

СІМ мәліметтері бойынша, 2022 жылдың тамызынан бастап Әзербайжанда 2021 жылы Арменияда өндірілген 2,7 мың астам мина табылды және олардың 2020 жылғы 9 қарашадағы Әзербайжан, Армения мен Ресей басшыларының үшжақты мәлімдемесіне қол қойылғаннан кейін орнатылғаны туралы дәлелдер бар.

"Аталған миналардың жартысынан көбі әзербайжандық мәжбүрлі қоныс аударушылар оралуы тиіс азаматтық аумақтарда табылды. Ең сорақысы, осы миналар мен басқа да қару-жарақтарды тасымалдау үшін тек гуманитарлық мақсатта ашылған Лачинская жолы пайдаланылады", - делінген сыртқы саясат ведомствосының хабарламасында.

Әзербайжан СІМ атап өткендей, "мұндай әрекет - бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймайды, сонымен қатар Әзірбайжан әлі де ұстанып келетін бейбіт келісімге қауіп төндіретін арандатушылық".

"Әзірбайжан Халықаралық Сотқа Арменияның бейбіт тұрғындар оралатын аудандарды миналардан жедел, қауіпсіз әрі тиімді тазартуға, миналар мен басқа да жарылғыш заттарды азаматтық аумақтарға орналастырмауға және бұл үшін Лачинск жолын пайдалануды тоқтатуға бағытталған қажетті шараларды дереу қабылдауы үшін жүгінді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу