Баку Ереванға 2021 жылдың қараша айында әзербайжан-армян шекарасында ұсталған сегіз армян әскериін қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz Әзербайжанның әскери тұтқындар, хабар-ошарсыз кеткен азаматтар жөніндегі мемлекеттік комиссиясына сілтеме жасап.
"Гуманизм қағидасын негізге ала отырып, 2022 жылдың 7 ақпанында Әзербайжан Республикасы Арменияға сегіз әскери қызметкерін жіберді", – деп жазылған хабарламада.
Бұл әскерилерді Әзербайжан тарапы 2021 жылғы 16 қарашада Армениямен арадағы шекарада қолға түсірген еді.
Еске сала кетсек, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде басталып, аймақтағы ахуал ушығып кеткен еді. 9 қарашада Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян мен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев аймақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойып, қос тарап бітімге келген болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: Армения Республикасы президентінің аппараты