Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто Бакуде Әзербайжанның қорғаныс министрі Закир Хасановпен кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.KZ АА сайтына сілтеме жасап.
Әзербайжанның қорғаныс ведомствосының хабарлауынша, Гасанов Италия делегациясын екінші Қарабақ соғысынан кейін Оңтүстік Кавказда қалыптасқан әскери-саяси жағдай туралы хабардар етті.
Екі елдің әскери білім беру саласындағы, сондай-ақ НАТО бағдарламалары аясындағы ынтымақтастығына жоғары баға берілді.
Қорғаныс және әскери-техникалық салалардағы Баку мен Римнің жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасу болды.
Соңында министрлер оқу-білім беру саласындағы алдағы шаралар туралы хаттамаға қол қойды.