Баку Ресейден апатқа ұшыраған ұшақты атып түсіргенін мойындағанын күтеді – БАҚ

223

Әуе апатынан 38 адам қаза тапты. 

Баку Ресейден апатқа ұшыраған ұшақты атып түсіргенін мойындағанын күтеді – БАҚ Фото: Азамат Сәрсенбаев

Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына Ресейдің әуе қорғанысы күштерінің қатысы болуы мүмкін. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Ресейдің әуе қорғанысы "Әзербайжан әуе компаниясының ұшағын атып түсірген".

"Ешкім мұны әдейі жасады деп отырған жоқ. Бірақ та анықталған деректерді ескере отырып, Баку Ресейдің Әзербайжан ұшағын атып түсіргенін мойындайды деп күтеді", – деді дереккөз.

Caliber.Az порталының жазуынша, алдын ала ақпарат бойынша Баку-Грозный бағытындағы AZAL ұшағы Грозный қаласына ұшып бара жатқанда Ресейдің "Панцирь-С" әуе қорғанысы жүйесі тарапынан зардап шеккен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу