Баку-Тбилиси-Карс жаңа теміржол желісінің іске қосылуы өңірдегі елдердің экспорттық мүмкіндігін арттырады. Бастапқыда бұл жол арқылы жылына миллионға жуық жолаушы қатынап, 6,5 миллион тонна жүк тасымалдануға тиіс. Ал жобаның түпкі әлеуеті 17 миллион тоннаға бағаланып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісінің құрылысы 2007 жылы басталған. Ашылу салтанаты 30 қазанға жоспарланған. Бұл бағыт Транскаспий халықаралық көлік жолының маңызды бөлігі саналады. Осы ретте Қазақстан мен Әзербайжанның атқарған ісі орасан. Қос мемлекет Ақтау, Құрық, Алят кемежайындағы коммуникациялық саланы жетілдіріп, бірыңғай тарифтік жүйе орнатқан. Сарапшылар бұл жоба қатысушы елдерге үлкен пайда әкеледі деп топшылап отыр.