Баку жүздеген армян әскерилері қаза тапты деп жариялады

771

Қос тарап бір-бірін айыптап отыр.  

Баку жүздеген армян әскерилері қаза тапты деп жариялады

Арменияның қарулы күштерінің 550-ден астам жауынгері қаза тауып, жарақат алды. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі осындай ақпарат жариялады. Ереванның әзербайжандар да қақтығыс кезінде қаза тапты деген мәлімдемесін Баку жоққа шығарды. Бұған дейін Арменияның қорғаныс министрлігі Әзербайжанның 200-ге жуық әскериі ажал құшты, сонымен қатар 16 армян жауынгері қаза тапты деді. Ал Таулы Қарабақ республикасының президенті ондаған адам мерт болып, жарақат алғанын айтты. 

Баку мен Ереван атыс ашты деп бір-бірін айыптап отыр. Арменияның қорғаныс министрлігінің айтуынша,  Әзербайжан тарабы Қарабаққа әуеден шабуылдаған. Ал Баку болса, атысты ашқан армян қарулы күштері, әзербайжан әскерилері жауап ретінде оларға қарсы шабуылды бастады деп отыр. 

Еске сала кетейік, Қарабақтағы шиеленіс 1988 жылдың ақпанында басталған еді. Яғни осы кезде Таулы Қарабақ автономды облысы Әзербайжан құрамынан шығатынын мәлім етті. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Баку Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалды. 

1992 жылдан бері осы шиеленісті шешу үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобы аясында келіссөздер жүргізіліп келеді. Бұл топқа Ресей, АҚШ және Франция елдері төрағалық етеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу