Бакуда Елбасыға арналған фильмнің тұсаукесері өтті

996

Бакудағы "Низами" киноорталығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оливер Стоунның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған "Qazaq. Алтын адамның тарихы" фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бакуда Елбасыға арналған фильмнің тұсаукесері өтті

Деректі фильмді Бакуға Лос-Анджелестен арнайы келген режиссер Игорь Лопатенок пен продюсер Вера Томилова ұсынды.

"Біз бұл фильмді әсемді Баку қаласында ұсынуға өте қуаныштымыз. Еуропалық премьера 20 қазанда Рим кинофестивалінде өтті. Содан кейін Нұр-Сұлтан, Мәскеу және Лос-Анджелесте ұсынылды. Бакудан кейін біз жобаны Минскіде ұсынамыз. Картинаның жалға беруге арналған толық метражды екі сағаттық нұсқасы жасалды. Ал тұтастай алғанда жоба теледидар үшін сегіз сериядан тұрады", – деді И. Лопатенок.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов кештің ашылуында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және киножобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

О. Стоун картинаның атқарушы продюсері ғана емес, сұхбатты да өзі алды. Деректі таспаның негізіне әлемге әйгілі кинематографист пен ҚР Тұңғыш Президентінің сенімді сұхбаттары кірді. Н. Назарбаев О. Стоунмен балалық шағы, жастық шағы, Кеңес Одағының ыдырауы және республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдары, елдің дамуы мен гүлденуі, халықаралық аренадағы рөлі туралы естеліктерімен бөлісті. Әңгіме призмасы арқылы қазақ халқының тарихы көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу