Бакуде Армения Қарулы Күштерінің квадрокоптері ұстап алынғаны туралы хабарланды

315

"DJI Mavic 3" квадрокоптері Лачинск бағытындағы Әзербайжан армиясының позицияларын ұшып өтпек болған.  

Бакуде Армения Қарулы Күштерінің квадрокоптері ұстап алынғаны туралы хабарланды Фото: www.aa.com.tr

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштерінің квадрокоптерін ұстап алғаны туралы хабарлады.

"1 тамызда сағат 20:45 шамасында Горис ауданы Дыг елді мекенінің бағытынан көтерілген Армения Қарулы Күштерінің "DJI Mavic 3" квадрокоптері Лачинск бағытында Әзірбайжан армиясының позицияларының үстінен ұшып өтпек болған", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Әзербайжан қарулы күштері бөлімшелерінің қырағылығының арқасында табылған квадрокоптер арнайы техникалық құралдармен отырғызылып, ұсталды, деп қосты Қорғаныс министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу