Бакуде Әзірбайжан мен Қазақстанның ішкі істер министрлері кездесті

498

Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Әзірбайжан Республикасының Ішкі істер министрі Вилаят Эвазов пен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың кездесуі өтті.  

Бакуде Әзірбайжан мен Қазақстанның ішкі істер министрлері кездесті Фото: polisia.kz

Тараптар кездесуде екі елдің тұрғындарын тығыз байланыстыратын стратегиялық қатынастар, мемлекеттер арасындағы сенім мен бір-біріне деген құрметі, сондай-ақ ынтымақтастықтың серпінді дамуын сөз етті, деп жазады inbusiness.kz.

Тараптар қоғамдық тәртіпті қорғау, трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл, өзара ақпараттық байланысты арттыру, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін және олардың қылмыстық қол сұғушылықтардан құқықтарын қорғауға қатысты ынтымақтастық мәселесін талқылады. Марат Ахметжанов әріптесін ішкі істер органдарын жаңғырту, қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және елдегі қылмысқа қарсы күрес туралы хабардар етті.

Әзербайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрліктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстандық делегация өкілдері полиция академиясының қызметімен, кезекші қызметтің және "102" колл-орталығының жұмысымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу