Бакуде сәрсенбі күні Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға даярлық және оны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді, деп хабарлайды дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасаған "Интерфакс-Әзербайжан".
"Жұмыс тобының отырысы Бакуде 25 қаңтарда Каспий маңындағы "бестіктің" сыртқы істер министрлері орынбасарларының деңгейінде өтеді", – деп атап өтті әңгімелесуші агенттікке.
Оның айтуынша, отырыста Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға даярлық және оны әзірлеу мәселесімен қатар, Каспий маңы мемлекеттерінің СІМ басшыларының кездесуін ұйымдастыру мәселесі талқыланбақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу