Бакуде "Қорқыт Ата" кинофестивалі өтіп жатыр

880

Фестивальде көркем, деректі және анимациялық жанрдағы 32 туынды ұсынылды. 

Бакуде "Қорқыт Ата" кинофестивалі өтіп жатыр Фото: Anadolu Agency

"Шуша –түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы" аясында Бакуде III. "Қорқыт Ата" кинофестивалі басталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараны Әзербайжан мәдениет министрлігі, Гейдар Әлиев орталығы, ТҮРКСОЙ, Әзірбайжан Республикасының кино агенттігі және Баку медиа орталығы ұйымдастырды.

Ашылу салтанатында сөз алған Әзірбайжан мәдениет министрінің орынбасары Фарид Джафаровтың айтуынша, фестивальдің мақсаты түркі әлемінің бірлігін және түркі халықтары арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайту. Шараға түбі бір түркі елдерінің танымал өнер адамдарынан бөлек ресми тұлғалар да қатысып жатыр.

Фестиваль алғаш рет 2021 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында ұйымдастырылды. Ал өткен жылы Бурса шаһарында, осы жылы Бакуде жалғасып жатыр.

"Қорқыт Ата" кинофестиваліне Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Гагаузия (Молдова), Татарстан, Саха-Якутия, Дағыстан, Кабардин-Балқар, Чуваш, Қарашай-Шеркес, Тува және Башқұртстанның көркем, деректі және анимациялық жанрдағы 32 туындысы ұсынылды.

Аталмыш фильмдер Низами атындағы кино орталығында 9-11 қазан аралығында көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу