Бакудегі республикалық наркологиялық орталықта болған өртте 24 адам қаза тапты. Бұл туралы Әзербайжан елінің ІІМ мен бас прокуратурасының бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Интерфакс.
"Өрт жергілікті уақытпен алғанда таңғы 6.10-да басталып, 9.13-те сөндірілген. Дәл қазіргі уақытта 24 адам қаза тапқан", - делінген хабарламада.
Корпус ішінде болған қалған 34 адам құтқарылған
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электржелілеріндегі ақау себеп болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу