Бакуде теңіз жағасындағы бульварда киіз үй тігілді

538

Киіз үй "Welcome to KZ" ақпараттық-туристік орталығы болады.

Бакуде теңіз жағасындағы бульварда киіз үй тігілді

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеу аясында Баку қаласының Теңіз жағасындағы бульварында қазақтың киіз үйі тігілді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киіз үйде "Welcome to KZ" ақпараттық-туристік орталығы ашылып, екі көрменің өткізілуі жоспарлануда:

– Тұрақты көрме: Қазақстанның көрікті жерлері туралы стендтер – "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты (Алматы), "Байқоңыр" ғарыш айлағы, "Қыран" сұңқармен аң аулау орталығы (тірі сұңқар және сұңқармен аң аулаудың виртуалды әлемі бар), "Esentai Mall" сауда және ойын-сауық орталығы "(Алматы қ.), "Эйр Астана" компаниясының туристік бағыттары;

– Апта сайын өзгеріп отыратын көрме: Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстары өздерінің туристік әлеуетін көрсетіп, мәдени, концерттік және ойын-сауық бағдарламаларын өткізетін болады.

Көрмеге келушілер қазақтың салт-дәстүрімен танысып, бейнероликтер тамашалау, әуен тыңдап, Ұлы дала елінің ұлттық тағамдарынан дәм тату, ежелгі көшпенділер әлеміне еніп, кәдесыйлар алу мүмкіндігіне ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу