Баку ұлттық киностудиясында жарылыс болды

119

Бакуде Джафар Джаббарлы атындағы киностудияның пиротехника қоймасында жарылыс болды.    

Баку ұлттық киностудиясында жарылыс болды Фото: day.az

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты APA.AZ агенттігіне сілтеме жасап. 

Әзербайжан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда қауіпсіздік шаралары қолға алынып жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, азаматтар арасында зардап шеккендер жоқ, жарылыс болған аймақты полиция бақылауға алды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп, қызыл жалын толықтай ауыздықталды.

Қазір оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Мәдениет министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да құзырлы мекемелер қауіпсіздік шараларын қабылдауда, аумаққа техникалық мамандар жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу