Бакудегі "Жібек жолы" турнирінде тағы үш боксшымыз жеңіске жетті

523

Олар 1/8 финалға жолдама алды.

Бакудегі "Жібек жолы" турнирінде тағы үш боксшымыз жеңіске жетті

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасуда. Қазақстан сапынан тағы үш боксшы 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

60 келідегі Ерсұлтан Болат төрешілер шешімімен Ирак боксшысы Әли Жафар Абдулризаны жеңсе, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов 4:1 есебімен марокколық Элабидин Амрук Зинадан басым түсті. 

75 келідегі қазақстандық Нұрқанат Райыс пен Ермахан Жакпеков арасындағы кездесу біріншісінің жеңімпазы атанды. Ал Абай Төлеш әзірбайжандық боксшыдан 1:4 есебімен ұтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу