Бакуден бір "алтын" түсті

594

Ақтық сында бақ сынаған алты қазақстандық боксшының бесеуі "күміс" алды.

Бакуден бір "алтын" түсті

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирі аяқталды. Ақтық сында бақ сынаған алты қазақстандық боксшының бесеуі жеңіліс тапты, деп жазады Olympic.kz. 

49 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Шалқар Айқынбай финалда Өзбекстан боксшысын жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 

52 келідегі Олжас Байниязов, 56 келідегі Оразбек Асылқұлов, 64 келідегі Сабыржан Бекбергенов, 69 келідегі Мәулен Өскенбек және аса ауыр салмақтағы Данила Семеновтар алтын үшін айқаста сүрініп, күмісті қанағат тұтты. 

Еске сала кетейік, Бакудегі турнирге ұлттық құраманың екінші және үшінші нөмірлі спортшылары аттанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу