Бақылау бекетінде қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

1019

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді. 

Бақылау бекетінде қайтыс болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

"Мұндай кезде біз де шетте қалмаймыз. Қазір осы бағыта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Кәсіпкерлеріміздің қолдауымен қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына екі пәтер бөлінеді. Сонымен қатар олардың туған-туыстарына қаржылай көмек көрсетіледі", – деді шаһар басшысы. 

Еске сала кетсек, 25 мамырда Алматының №4 бақылау-өткізу бекетінде мас жүргізушінің кесірінен қос тәртіп сақшысы қаза тапқан еді. 

Құралай Құдайберген

Фото шартты түрде алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу