"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары шағымсыз тексере алмайды және объектілерді пайдалануға қабылдауға қатыспайды. Қазіргі уақытта елімізде құрылыс саласында бақылау әлсіз болғандықтан, кейбір объектілер кемшіліктермен қабылданады", – дейді министр Қайырбек Өскенбаев.
Мемлекеттік бақылауды күшейту үшін мынадай шұғыл шараларды қамтитын заң жобасы әзірленді:
1. Аумақта құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау үшін қала құрылысы сараптамасын енгізу;
2. Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысуы;
3. Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеру жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.