Бақылау-өткізу пунктері бейнекамералардың көмегімен жұмыс жасауда

905

Бұл заң бұзушылықтар кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Бақылау-өткізу пунктері бейнекамералардың көмегімен жұмыс жасауда

Алматы полициясы бақылау-өткізу пунктеріндегі жағдайды бейнекамералар көмегімен бақылауда, деп хабарлады  полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен бастап ПД-нің қызметі мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды.

"Қорғаныс министрлігінің мыңға жуық полицейлері мен әскери қызметшілері карантин аймағының периметрі бойынша құрылған 27 бақылау-өткізу пунктерінде қызмет етеді. Сонымен қатар, инфекция ошақтарында, сондай-ақ медициналық мекемелерде құқық қорғау және қоршау шаралары қабылданды. 150-ге жуық полиция қызметкері және Ұлттық ұланның жауынгерлері тәулік бойы қызмет жұмыс істеуде. Айта кету керек, әр постта, бейнебақылау мақсатында Департаменттің орталық штабына шығатын, "Сергек" камералары орнатылды. Олардың көмегімен жолдағы трафик бақыланады, көліктердің келуі және кетуі, посттардың жанында заңсыз әрекеттер анықталады. Қандайда бір құқық бұзушылықтар анықталса, дереу тоқтатылады", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу