Бақылауда ұстаңыздар: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

247

Демалыс кезінде балалардың бос уақыты көбейіп, достарымен серуендеуге жиі шығатыны белгілі.

Бақылауда ұстаңыздар: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады Фото: polisia.kz

Оқу демалысы кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астанада полиция ата-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Демалыс уақытында балалардың бос уақыты көбейіп, достарымен серуендеуге жиі шығатыны белгілі. Осыған байланысты ата-аналардан балаларының қайда жүргенін, кіммен бірге уақыт өткізетінін және үйге қай уақытта оралатынын бақылауда ұстау сұралады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуына тыйым салынады.

Аталған талаптарды бұзған жағдайда ата-аналар немесе заңды өкілдер заңнамада көзделген жауапқа тартылады.

Полиция қызметкерлері демалыс уақытында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың түнгі уақытта қараусыз жүруіне жол бермеуге және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу