Жаздың бірінші айында 200-ден астам бала түнде сауық орындарында жүрген. Оларды кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс инспекторлары ішкі істер органдарына жеткізген. Бұл туралы Астананың ІІД ЖПҚ ювеналды полициясы бөлімінің басшысы Самал Ахмет айтты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Бұл балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
"Түнгі рейдтер жүргізу кезінде сауық орындары - компьютерлік, ойын клубтары, кафелер, мейрамханалар да назардан тыс қалмайды. Осы орындарда маусым айында 20 кәмелет жасқа толмаған балалар ата-аналарының бақылауынсыз жүрген", - дейді С.Ахмет.
Сауық орындарында болған бозбалалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне айыппұл салынды. Оның көлемі 3 АЕК құрады, яғни 6,8 мың теңге.