Биылғы жылдың 25 маусымында "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" тау-кен байыту кешенін салтанатты түрде іске қосқаннан бері, алтынның алғашқы тоннасын өндіруге қол жеткізді, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Осы айтулы іс-шараның құрметіне кен-байыту кешенінің цехында "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС-нің барлық бөлімшелері мүшелері қатысуымен шара ұйымдастырылды. Онда "Полиметалл УК" АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Виталий Савченко мен Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов құттықтау сөз сөйледі.
"Бақыршықтың кен орнын игерудегі көп жылғы тарихында алғаш рет бағалы металл ірі мөлшерде өндіріліп отыр, бұл Қазақстандағы қоры бай кен орындарының бірінде өнеркәсіп өндірісінің басталғандығын көрсетеді", – деді Нұрлан Сыдықов.