Бақыт Сұлтанов аязды күндері жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

726

Әкімнің айтуынша, қатты аяз күндері тұрғындар бір-біріне қамқорлық көрсетіп, жаяу жүргіншілерді мүмкіндігінше жеткізіп салғаны дұрыс.

Бақыт Сұлтанов аязды күндері жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды

Астанада боран болып, аяз күшейді. Осыған байланысты қала әкімі Бақыт Сұлтанов қала тұрғындары мен қонақтарына өтініш айтты, деп хабарланды қала әкімдігінің ресми сайтында.

Әкім барлық ұйымдардың басшыларын және жеке кәсіпкерлерді аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу, тұрғын-үй жайларындағы жылуды қамтамасыз етуге назар аударып, сондай-ақ, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса, олардың бойын жылытуы үшін ыстық шай беруге шақырды.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қатты аяз күндері тұрғындарға мұқият болу, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, жаяу жүргіншілерді мүмкіндігінше жеткізіп салғандары дұрыс.

Қала басшысы мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік нысандар (базарлар, СОСО) және құрылыс алаңдарында жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды. Ал қала тіршілігін қамтамасыз ететін өрт сөндіру қызметі, полиция қызметі, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық көмек, медициналық мекемелер, коммуналдық қызмет қызметкерлері әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс істейді.  

Аудан әкімдері ПИК-термен бірлесе отырып тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үйлердің қасбеттерін және үй-жайлар шатырының, қоршаулардың ұшуынан болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелерін пысықтауы керек.

Одан бөлек, әкім қалалық коммуналдық қызметтерге қоғамдық көлік жолаушыларына арнап аялдамаларда және адам көп жиналатын орындарда жылыну орындарын ұйымдастыруды, ТЖД-не жұмысты күшейтуді тапсырды.  

Сонымен қатар, жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладан Тельман кенті, Қосшы және Пригородныйға қатынайтын негізгі бағыттар бойынша ТЖД арнайы техника кезекшілікте жүретін болады. Құтқарушылар "Азия парк" СҮ, "Саянұр-2" ТК,  Бейсекова көшесінен қатынайтын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу