Бақыт Сұлтанов азық-түлікті форвардтық сатып алу көлемін 50 млрд теңгеге жеткізуді ұсынды

928

Әкімдіктер бұл мақсатқа 21,9 млрд теңге бөліп отыр.

Бақыт Сұлтанов азық-түлікті форвардтық сатып алу көлемін 50 млрд теңгеге жеткізуді ұсынды Фото: inbusiness.kz

Сауда және интеграция министрі Үкімет отырысында азық-түлік бағасын форвардтық тәсілмен сатып алатын сауда желілеріне қаржыны көбірек құюды ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Нарықтық құралдар өздерінің тиімділігін көрсетті. Бұл – форвардтық сатып алу және "айналым" схемасы. Бүгінгі таңға жергілікті бюджеттерден 21,9 млрд теңге бөлінді. Механизм тиімді, дегенмен, нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды "қолымен басқару" режимінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек. Сондай-ақ өндірушілер бойынша нақты болжам жасау және жергілікті атқарушы органдар үшін өңірлер мен тауарларға шағып отырып мемлекеттік қолдау шараларына қарсы міндеттемелерді белгілеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу қажет", - деді Бақыт Сұлтанов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу