Бақыт Сұлтанов: Біз мұнай және өнеркәсіптік өңірге жатпаймыз

794

Қала әкімі Астананың басымдықты инновацияның дамуы мен бизнеске беретінін айтады.

Бақыт Сұлтанов: Біз мұнай және өнеркәсіптік өңірге жатпаймыз

Бүгін Астана әкімінің төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы және 2019 жылдың жоспарына арналған қала активімен кеңейтілген аппараттық кеңесі өтіп жатыр. Кеңесте Бақыт Сұлтанов Астананың 20 жыл ішіндегі басты жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"20 жыл ішінде Астана Елбасының бастамаларының жүзеге асуы және мемлекеттің тәуелсіздігінің  символына, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өмірінің орталығына айналды. Аталмыш кезеңде қала аумағы 3 есеге, құрылыс көлемі 19 есеге, тұрғындар саны 4 еседен аса жоғарылады (1997 ж – 300,5 мың адам, 2018 ж – 1065,9 мың адам). Егер 20 жыл бұрын орташа жалақы құны 10 мың теңгеге де жетпесе, қазіргі кезде 230 мың теңгеден жоғары. Жұмыссыздық деңгейі 1998 жылдан бері 12,8%-дан 4,5%-ға азайды, бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш болып табылады", – деді Бақыт Сұлтанов.

"Осы жылдарда әлеуметтік инфрақұрылымның ауқымды құрылыстық бағдарламасының нәтижесінде 20-дан аса республикалық және қалалық денсаулық сақтау мекемелері, 300-ден аса балабақша мен мектептер салынды", – деп жалғастырды әкім.

Астананың жалпы тұрғын үй қоры 20 жыл ішінде 4 еседен артық жоғарылап, 20 млн шаршы метрден асты (1998 ж – 4,9 млн шаршы метр), онда коммерциялық құрлысшылардың да үлесі бар, олардың арқасында Астана сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бойынша көшбасшыға айналды.

Сонымен қатар, қала әкімі Астананың еліміздің экономикалық потенциалында ерекше рөл ойнайтынын еске салды. Бұнда  республиканың жалпы ішкі өнімінің 11%-дан көбі өндіріледі, мемлекеттің негізгі капиталына инвестицияның 10% құрылады, тұрғын үйдің 23%-дан астамы енеді.

"Біз мұнай және өнеркәсіптік өңірге жатпаймыз, сондықтан да біз негізгі басымдықты инновацияның дамуы мен бизнеске иек артамыз. Басқаша айтқанда, қала экономикасында орта және шағын кәсіпкерліктің үлесі арта түседі", – деді Бақыт Сұлтанов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу